Меккедегі қасиетті мешітте ер адам жоғарғы қабаттан секірді (ВИДЕО)

27.12.2025, 13:14
478
Меккедегі қасиетті мешітте ер адам жоғарғы қабаттан секірді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Суицид жасамақ болған ер адамды тоқтатпақ болған күзетші де жарақат алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ислам әлемінің басты қасиетті орны — Меккедегі Масжид әл-Харам мешітінде төтенше жағдай тіркелді. Ер адам ғимараттың жоғарғы ярустардың бірінен төменге секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.

Сауд Арабиясы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға салдарынан секірген азаматтың өзі ғана емес, оны тоқтатуға тырысқан қауіпсіздік қызметінің қызметкері де ауыр жарақат алған. Қауіпсіздік қызметкері ер адамды құлап бара жатқан сәтінде ұстап қалуға ұмтылған.

«Қазіргі уақытта екі адам да ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Оқиға орнында барлық ресми рәсімдер аяқталды», — делінген ресми хабарламада.

Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Осыған байланысты Масжид әл-Харамның бас имамы шейх Абдур Рахман ас-Судайс шұғыл үндеу жасап, әлемнің түкпір-түкпірінен келген қажыларды қасиетті мекеннің қадірін сақтауға шақырды.

Ол ислам дінінде адам өмірі ең жоғары құндылық саналатынын, ал оны қорғау — шариғаттың басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады