448

Месси «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін

Лионель Месси 17 жыл ойнаған клубына оралатыны айтылды.

Месси «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін
REUTERS/Albert Gea

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселона» клубына қайта оралуы ықтимал. Алайда бұл жолы ол алаңға ойыншы ретінде емес, басқару құрылымындағы тұлға ретінде келуі мүмкін. Бұл туралы Championat.com басылымы жазды.

Ақпаратқа сәйкес, каталониялық клуб Мессидің кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін оны клуб басшылығына тарту мүмкіндігін талқылап жатыр. Қазіргі таңда бұл мәселе ішкі деңгейде пысықталу үстінде.

Лионель Месси «Барселона» сапында небәрі 17 жыл ойнап, клуб тарихындағы ең ірі тұлғалардың біріне айналды. 2003–2021 жылдар аралығында ол 778 матчта 672 гол соғып, 35 трофей жеңіп алды. Оның ішінде Ла Лиганың 10 чемпиондығы мен Чемпиондар лигасының төрт кубогы бар.

Сонымен қатар Месси қазіргі уақытта «Интер Майами» клубымен келісімшартын ұзартқан және жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр.

Ал оның 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.

Материал авторы