405

Әзербайжан Мәскеудің шешіміне наразылық білдірді: Ресейде ұшақ апатына қатысты іс жабылды

Баку жоғары деңгейдегі келісімдердің сақталуын талап етіп жатыр.

Әзербайжан Мәскеудің шешіміне наразылық білдірді: Ресейде ұшақ апатына қатысты іс жабылды
Isa Tazhenbayev/Xinhua/Global Look Press

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзербайжан билігі AZAL әуе компаниясының ұшағы Ресей аумағында апатқа ұшырауына байланысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылуына наразылық білдірді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Ресей Тергеу комитетінің ұстанымына пікір білдіре отырып мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Баку бұл істің басқаша өрбуін күткен және тергеу мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарға сай, ашық әрі толық аяқталады деп үміттенген. Ол апаттан кейін Ресей президенті Владимир Путиннің көпшілік алдында кешірім сұрағанын еске салып, осыған сәйкес ресейлік құқық қорғау органдарынан жүйелі әрі дәйекті қадамдар күтілгенін атап өтті.

«Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин жолдаған қылмыстық істі тоқтату туралы хаты бізде айтарлықтай түсінбеушілік тудырды. Біз өз ұстанымымызды егжей-тегжейлі жеткіздік және процестің мемлекет басшылары деңгейінде жасалған келісімдерге сай аяқталуын күтеміз», — деді Джейхун Байрамов.

Әзербайжанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ақтау маңында болған әуе апатының барлық мән-жайы объективті әрі жан-жақты зерттелуі тиіс деген талаптың өзгермейтінін айтты. Баку ресейлік тараптан нақты әрі түсінікті қадамдар күтетінін де ашық жеткізді.

Бұған дейін Ресей Тергеу комитеті аталған апат фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтату жөнінде шешім қабылдағаны хабарланған. Бұл шешім Әзербайжанда резонанс тудырып, ресми Бакудің қатаң реакциясына себеп болды.

Материал авторы