Дариға Бадықова халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Бадықованың жаңа жобасына қатысты пікірталас туды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, халықтан кешірім сұрады. Видеода Бадықова мен түсірілім тобы камера алдында иіліп, көрерменге үндеу жасағаны көрінеді.
«Тағы бір ауылда 5 актермен 2 локацияда кино түсіріп, миллиард жинауға ниеттенгеніміз үшін DBO Dariga Badykova Production халықтан кешірім сұрады», деп жазды актриса.
Желі қолданушыларының пайымдауынша, продюсер қазіргі таңда табысты «Таптым-ау сені» франшизасының үшінші бөлімін түсіріп жатқан болуы мүмкін. Бұл жоба бұрыннан-ақ қазақстандық прокатта коммерциялық тұрғыда ең табысты фильмдердің қатарына енген.
Сондай-ақ Бадықованың видеосы қоғамда қызу талқыға түсті. Көптеген көрермен продюсердің кино түсірудегі тәсілін сын емес, керісінше нәтиже деп бағалады. Пікір қалдырғандар «мықты нәтиже көрсетіп жүрсе, түсірілімді неге тоқтату керек», «екі миллиардтан аса касса жинайды», «өзіміздің отандық кино дамыса, одан ұтылмаймыз», «халыққа ой салатын дүниелеріңіз әрдайым сұраныста», деп қолдау білдірген.
Айта кетейік, Дариға Бадықованың алғашқы «Таптым-ау сені» және «Таптым-ау сені 2» фильмдерінің әрқайсысы прокатта бір миллиард теңгеден астам табыс әкелген. Ал биыл жарық көрген «Ыстық ұя» драмасы да бұл межеден асып, 1 миллиард теңге касса жинап, көрермен тарапынан жоғары бағаланды.
Материал авторы