SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкекте блогер Акумаға Садыр Жапаровпен бірге жасалған ЖИ-сурет үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Threads әлеуметтік желісіндегі адвокат Шердор Абдыкапаров хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, интернетте жасанды интеллект арқылы жасалған президентпен бірге түсірілген суреттер тараған.
“Осындай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды”, – деп жазды адвокат бастапқыда.
Кейін адвокат хабарлағандай, блогер Октябрь аудандық сотына жеткізілген. Сот шешімі бойынша оған 5 500 сом (шамамен 32 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
RUS