Егер азамат қаруын өз еркімен тапсырса, оған 345 мың теңгеге дейін төленеді

17.04.2023, 12:34
616
Егер азамат қаруын өз еркімен тапсырса, оған 345 мың теңгеге дейін төленеді pexels

Қазақстандықтар бір аптада 399 атыс қаруы мен 1,4 мыңнан астам винтовкаға арналған патрондарды тапсырған. Ішкі істер министрлігі халықтан қару-жарақ сатып алу науқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Бір аптада ішкі істер органдарына 317 азамат жүгініп, олар өз еркімен 399 дана атыс қаруын, 1,4 мыңнан астам винтовкаға арналған патрондарды тапсырды", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

10 сәуірде тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды қайтарып алу науқаны басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Ішкі істер министрлігінің қару-жарақ заттарын халықтан қайтарып алу шаралары 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы кезеңде азаматтар жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгелік 56 мыңнан астам атыс қаруын, 2 миллионнан астам винтовкаға арналған патрондарды өз еркімен тапсырды.

Еске салайық, қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен қарудың техникалық жағдайына қарай әр қаруға 34 000 теңгеден 345 000 теңгеге дейін төлем қарастырылған.

Қаруды әр аумақтық полиция органдары қабылдайды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды