421

Өскеменде жоғалған ер адамның өлі денесі табылды

Жұмысынан шығып жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды.

Өскеменде жоғалған ер адамның өлі денесі табылды
instagram.com/volontery_uka_lider.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскемен қаласында 17 желтоқсанда жоғалған 38 жастағы Ринат Ахметовтің денесі табылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлады.

Волонтерлердің айтуынша, ер адам 17 желтоқсанда жұмыстан шығып кеткен соң хабар-ошарсыз жоғалған. Полиция қызметкерлерінің іздестіру шаралары нәтижесінде оның денесі табылған. Денесінде көрінетін жарақаттар жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Материал авторы