269

Ақтөбеде банк менеджері зейнеткерлердің атынан займ алған

Банк қызметкері 3 млн теңгені заңсыз иемденген.

Ақтөбеде банк менеджері зейнеткерлердің атынан займ алған
landsmann / Pexels

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында банк менеджерінің алаяқтық әрекеті әшкереленді. Тергеу мәліметінше, қаржы ұйымының қызметкері зейнеткерлердің атынан заңсыз займ рәсімдеп, түскен ақшаны өз пайдасына шешіп отырған. Бұл туралы Kazinform жазды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бірнеше тұрғын өз аттарына белгісіз түрде несие рәсімделгенін айтып, құқық қорғау органдарына арызданған. Тексеру барысында күдіктінің банк менеджері екені анықталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол несие төлемдерін қабылдау сәтін пайдаланып, клиенттердің келісімінсіз займ рәсімдеген. Қаражат алдымен зейнеткерлердің есепшотына аударылып, кейін күдіктінің өзі қолма-қол шешіп алып отырған.

Қазіргі уақытта алты жәбірленуші тіркелген. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты екі азаматқа келтірілген шығын небәрі 3 миллион теңгеге жуық.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалып, банк менеджері қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, жәбірленушілер саны артуы мүмкін.

Материал авторы