Боран, көктайғақ, тұман: ел аумағында қауіпті метеожағдай күтіледі

30.12.2025, 09:15
261
Боран, көктайғақ, тұман: ел аумағында қауіпті метеожағдай күтіледі AP Photo/Charles Krupa

30 желтоқсанда бірнеше өңірде дауылды ескерту.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29-30 желтоқсан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі. «Қазгидромет» синоптиктері көптеген облыстарда тұман, көктайғақ, боран, қатты жауын-шашын мен екпінді желге байланысты дауылды ескерту жариялады.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ болжанған. Кей өңірлерде жол көрінісі күрт нашарлап, көлік қозғалысына қауіп төнуі мүмкін.

Түркістан облысында түнгі уақытта және таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, тау асуларында 23 м/с-тан асады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел күшейеді.

Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысында боран соғып, қар нормадан көп түсуі мүмкін. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, таңғы уақытта тұман түсуі болжанған.

Астана қаласында 30 желтоқсанда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы және Жетісу облыстарында жел күшейіп, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарды жолға шыққанда сақ болуға, алыс сапарды кейінге қалдыруға және ауа райы болжамын қадағалап отыруға шақырады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды