Қатты аязда ақмолалық тұрғын корпоративтен соң жоғалып кеткен (ВИДЕО)

30.12.2025, 12:00
544
Қатты аязда ақмолалық тұрғын корпоративтен соң жоғалып кеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан

Далаға көйлекшең шығып кеткен ер адамды таныстары таппай қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында ауа температурасы −30 градустан төмендеген түнде Щучинск қаласының тұрғыны жоғалып, полицияның жедел іздестіруі нәтижесінде аман табылды.

Ведомствоның ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, түн ортасында жергілікті дәмханадан полицияға алаңдатарлық хабар түскен. Корпоративтік кеш кезінде қонақтардың бірі сырт киімсіз, тек жейдемен ғана сыртқа шығып кеткеннен кейін қайта оралмаған. Сол сәтте қалада қатты аяз тұрған. Уақыт жоғалтпау үшін полиция дереу бағдарлау жариялап, жеке құрамды толық көтерді.

Іздеу жұмыстары бірнеше көшеде және аулаларда қатар жүргізілді. Әр минут шешуші болды: аяз күшейіп, ер адамның киімі ауа райына мүлде сай келмеген. Кейін анықталғандай, Щучинск тұрғыны мерекелік шараға келген, алкоголь ішкен соң бағдарынан айырылып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Екі сағатқа созылған қарқынды іздеу нәтижесін берді. Ер адам қаланың бір көшесінен тоңып қалған, шок жағдайында табылды. Полиция қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны жылытып, жақындарына жеткізді.

Кейін құтқарылған азамат бейнеүндеу жазып, полицияның жеделдігі мен бейжай қарамағанының арқасында өмірі сақталғанын айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды