Шымкент полицейлері алаяқтардың сall-орталығын анықтады

17.04.2023, 15:31
448
Шымкент полицейлері алаяқтардың сall-орталығын анықтады ҚР ІІМ

Интернет-алаяқтар туралы арызымен полицияға Абай ауданының тұрғыны жүгінді. Арызданушының айтуынша, оған белгісіз нөмірден ер адам қоңырау шалып, құны 12 млн теңгені құрайтын жаңа Hyundai Accent автокөлігін ұтып алғанын хабарлап, құттықтаған.

Кеңседе 561 адамның анкетасы табылды. Қоңырау шалушы өзін тұтынушылар арасында ұтыс ойынын өткізіп жатқан желілік компанияның қызметкері ретінде таныстырған. Оператор жеңімпазға басты ұтысын алу үшін белгілі бір сайт арқылы оның көрсеткен шотын толтыру қажеттігін айтқан.

Осылайша сенгіш азамат 4 млн теңгеден астам шығынға ұшырады. Аталған жайт бойынша тергеушілер СДТБТ-ға ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық іс тіркеді. Күдіктілерді анықтауға Шымкент ПД криминалдық полиция басқармасының интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі жедел-тергеу тобы жұмылдырылды. Қаскөйлердің ізі Таразға әкелді, бұл қала аумағында жедел уәкілдер олардың “кеңсесін” анықтады.

Нәтижесінде сегіз адамнан тұратын киберқылмыскерлер тобы ұсталды. Арасында ең үлкені – 28 жаста, кішісі – 18 жаста.

Ұсталғандардың барлығы бұрын түрлі желілік дүкендердің call-орталықтарында оператор қызметін атқарғандары анықталды. Жұмысқа арналған орынды топ бизнес-орталықтардың бірінен жалға алған. Кеңседен 19 мобильді құрылғы, 13 ноутбук, жалған құжаттарды басқаруға және ақша қаражатын есептеуге арналған жүйелік блок, жәбірленушілермен сөйлесуге арналған жадынама және 561 адамның анкеталық тізімі табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда қалалық полиция департаменті алаяқтық топтың арбауына алданған басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жәбірленушілердің тек Шымкентте ғана емес, бүкіл ел бойынша болу ықтималдығын атап өтті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды