484

Путин Тоқаев пен Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында Путин хат жолдады.

Путин Тоқаев пен Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады
REUTERS/Kirill Kudryavtsev/Pool

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Рождество мерекесі мен келе жатқан 2026 жылға орай шет мемлекеттердің басшылары мен үкімет жетекшілеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады. Бұл туралы Кремль хабарлады.

Құттықтау алғандар қатарында ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары бар. Олардың ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері аталады. Сонымен бірге Абхазия мен Оңтүстік Осетия басшыларына да құттықтау жолданған.

Бұдан бөлек, Ресей президенті алыс шетелдердегі бірқатар мемлекет басшыларына да жаңа жылдық және рождестволық құттықтау хаттарын жіберді. Олардың арасында Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ президенті Дональд Трамп, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва, сондай-ақ Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Венесуэла, Куба, Моңғолия, Лаос, Мьянма, Сербия, Словакия, Эфиопия және Оңтүстік Африка Республикасының басшылары бар.

Кремль таратқан мәліметке сәйкес, құттықтау жеделхаттары бұрынғы мемлекет және үкімет басшыларына да жіберілген. Олардың қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Кубаның экс-көшбасшысы Рауль Кастро, Арменияның бұрынғы президенттері Роберт Кочарян мен Серж Саргсян, сондай-ақ Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шрёдер аталады.

Материал авторы