SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа райы күрт нашарлайды. «Қазгидромет» жариялаған дауылды ескертулерге сәйкес, елдің көптеген өңірінде қар, жаңбыр, бұрқасын, тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында қар мен бұрқасын болады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Орал қаласында да қарлы боран болжанып отыр.
Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнде де, күндіз де жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Аймақтың бірнеше бөлігінде тұман түседі. Қарағанды мен Жезқазғанда жол қозғалысы қиындауы ықтимал.
Ақмола облысында және Астанада түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, тұман және көктайғақ болады. Жел бағыты өзгеріп, екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанған. Кей жерлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында тұман мен қатты жел күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні кей уақыттарда 30 м/с-тен асады.
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі мол жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады. Жел екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау мен Ақтау қаласында қатты жел соғады, кей мезетте екпіні 23 м/с-қа жетеді. Атырау және Қызылорда облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі.
RUS