«Сабырға шақырамыз»: Еуроодақ Венесуэладағы жағдайға пікір білдірді

05.01.2026, 09:25
291
«Сабырға шақырамыз»: Еуроодақ Венесуэладағы жағдайға пікір білдірді Donald J. Trump/Truth Social

Мадуро легитимді президент емес дейді Еуроодақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропалық одақ АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы жүргізген операциясына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Брюссель қақтығыстың ушығуына жол бермеу үшін барлық тарапты сабыр мен ұстамдылыққа шақырды.

ЕО-ның ресми мәлімдемесінде қандай жағдай болмасын, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Жарғысының қағидаттары қатаң сақталуы тиіс екені атап өтілген.

«Еуроодақ Николас Мадуроны демократиялық жолмен сайланған заңды президент деп танымайтынын бірнеше рет мәлімдеді. Біз Венесуэланың егемендігіне құрмет көрсете отырып, елдің болашағын венесуэлалықтардың өздері айқындайтын демократиялық әрі бейбіт өтпелі кезеңді қолдаймыз. Венесуэла халқының өз тағдырын өзі шешу құқығы сақталуы керек», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Еуроодақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті басым бағыт ретінде қолдайтынын растады. Алайда бұл мәселе «халықаралық құқықты, аумақтық тұтастық пен егемендік қағидаттарын толық сақтай отырып» шешілуі тиіс екені ерекше атап өтілді.

Бұл мәлімдемені ЕО-ға мүше 26 мемлекет қолдады. Тек Венгрия ғана ортақ ұстанымға қосылған жоқ.

Осы арада АҚШ операциясы салдарынан қаза тапқандар саны артты. The New York Times басылымы жоғары лауазымды венесуэлалық шенеунікке сілтеме жасап, құрбандар саны 80 адамға жеткенін жазды. Бұған дейін кемінде 40 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио The Washington Post басылымына берген сұхбатында бұл әрекетті әскери операция деп атаудан бас тартты.

«Бұл басқа форматтағы шара болды. Бұл — құқық қорғау органдары жүргізген операция», — деді ол.

Ал NBC News арнасының эфирінде АҚШ Венесуэламен соғыс жағдайында ма деген сұраққа Рубио:

«Біз есірткі трафигімен айналысатын ұйымдарға қарсы күрес жүргізіп жатырмыз. Бұл Венесуэлаға қарсы соғыс емес», — деп жауап берді.

Мемлекеттік хатшы АҚШ-қа есірткі жеткізумен айналысатын кемелерді басып алу операциялары жалғасатынын да атап өтті.

Еске салайық, 2 желтоқсаннан 3 желтоқсанға қараған түні АҚШ Венесуэла аумағына соққы жасап, ел басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстап, АҚШ-қа алып кеткен. Мадуро 5 қаңтар күні Нью-Йоркте сот алдына шығуы тиіс. Сол күні АҚШ-тың Венесуэладағы әрекеттеріне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды