Отандық әнші сәбиіне Баян Алагөзованың жұбайының атын берді
Өнер иесі ұлына кәсіпкердің есімін берген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында әнші Айша Байбосынова қуанышты жаңалығымен бөлісті. 26 желтоқсанда әншінің ұлы дүниеге келген. Өнер иесінің айтуынша, бұл сәби — ұзақ күткен, тағдырдың үлкен сыйы.
Нәрестеге Тұрсынғали есімі берілген. Бұл — продюсер Баян Алагөзованың жұбайы, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің құрметіне қойылған ат. Айшаның айтуынша, ол отбасының жақын досы әрі сенімді адамы.
«Сәбиімізге азан шақырып Тұрсынғали деген есім қойдық. Бұл есім – тағдыр тоғыстырған сыйлы жандарға деген құрметіміздің, жылдармен бекіген достық пен сенімнің белгісі. Балам, кіндік әкеңдей жомарт жүректі, мейірімді, көзі ашық, көкірегі ояу, елге сыйлы, ырыс-несібесі мол азамат бол!», — деп жазды әнші.
Айша Байбосынова сондай-ақ осы күндері қолдау білдіріп, жылы лебізін жолдаған барша жанға алғысын айтты.
Материал авторы