Жамбыл облысында 11 жастағы қыз даладағы дәретханаға құлап кетті
Бала дәрігерлерге тапсырылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Байзақ ауданында 11 жастағы бала даладағы дәретхананың шұңқырына құлап кеткен. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жетіп, баланы аман алып шықты.
Оқиға жөніндегі хабарлама 112 пультіне түскеннен кейін құтқару бөлімшелері дереу оқиға орнына аттанған.
«Арнайы құтқару жабдықтарының көмегімен ТЖМ қызметкерлері 11 жастағы қыз баланы дала дәретханасының шұңқырынан абайлап шығарып алды», — деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.
Құтқару операциясынан кейін бала медициналық қызметкерлерге тапсырылып, тексеруден өтті. Қажетті көмек көрсетілді.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор