386

100 млн теңге: аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден елге жеткізілді

Ер адам 10 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

100 млн теңге: аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден елге жеткізілді
Бас прокуратура

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні Ресей Федерациясынан елге экстрадициялады. Бұл қадам күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында жүзеге асырылды.

Прокуратура мәліметіне сүйенсек, күдікті 2024-2025 жылдары Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйым қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға инвестиция арқылы жоғары табысқа қол жеткізетінін уәде еткен. Ол сондай-ақ тұрғындарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алып, кейін сату бойынша бірлескен кәсіпке тартқан.

Алайда, күдікті алған ақшасын өз мақсатында жымқырып, міндеттемелерін орындамаған. Оның әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған. Ағымдағы жылдың тамызында Ресейде ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауда отыр.

Айыпталушы жасаған қылмысқа байланысты мүлкі тәркіленіп, оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Материал авторы