«Біз Украинаны, ол Венесуэланы алады»: Жириновскийдің 6 жыл бұрын айтқан сөзі қызу талқылануда (ВИДЕО)
2020 жылы Жириновский Трампқа көмектесіп, оны пайдалану керегін болжаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей саясаткері Владимир Жириновскийдің бірнеше жыл бұрын айтқан кезекті мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қайта таралып, қызу пікірталас тудырды. Бұл жолы оның сөздері АҚШ-тың Венесуэлаға жасаған соққысыментұспа-тұс келіп отыр.
2020 жылы жазылған ток-шоулардың бірінде Жириновский Дональд Трамптың қайта билікке келуін және ықтимал геосаяси «келісімдерді» болжап сөйлеген.
«2024 жылы Трамп сайлауда жеңеді. Біз оған көмектесе алар едік. Біз 2016 жылы ештеңе істемедік. Ал 2020 жылы егер ол бізден көмек сұрағанда, кейбір жерде кейбір әрекеттер жасар едік. Бірге жеңер едік. Біз Украина бойынша өз ұстанымымызды алдық, ал оған Венесуэла бойынша еркіндік бердік. Ол Венесуэланы алады, біз Украинаны аламыз», – деген еді Жириновский «Россия 1» арнасының эфирінде.
«Неге?» деген сұраққа саясаткердің жауабы одан да өткір болған.
«Трампты тартқылап, пайдалану үшін», – деген ол.
Арада бірнеше жыл өткен соң бұл сөздер қайта еске алына бастады. 2026 жылғы 3 қаңтарға қараған түні АҚШ күштері Венесуэланың астанасы Каракасқа соққы жасап, бірқатар әскери нысан мен әуежайды жойған. БАҚ дерегінше, арнайы операция барысында АҚШ-тың «Дельта» арнайы жасағы елдің қазіргі президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын ұстап, елден әкеткен.
Материал авторы