Назарбаевтың немересі Дубайда туған күнін дүркіретіп өткізді (ФОТО, ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
05.01.2026, 15:55
337
Назарбаевтың немересі Дубайда туған күнін дүркіретіп өткізді (ФОТО, ВИДЕО) instagram.com/imnurali

Туған күн кеші бес жұлдызды қонақүйде өткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиев 41 жасқа толуын Біріккен Араб Әмірліктерінде, Дубай маңында жоғары деңгейдегі салтанатпен атап өтті.

Туған күн кешінен түсірілген видеоларды Нұрәлі Әлиев Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Кадрларда ол «Spark of life» («Өмір ұшқыны») деп жазылған дизайнерлік торттағы шамды үрлеп өшіреді. Жазбалардан оның 13 жастағы қызы Амира да байқалады. Сондай-ақ мерекелік кешке Әлиевтің үлкен ұлы Алан Нұрәліұлы мен оның қайын жұртына жататын Адина Имашева қатысқан. Адина Имашева – бұрынғы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің қызы.

Салтанатты шара люкс индустриясында да назардан тыс қалған жоқ. Әлемдік шоу-бизнес пен элиталық іс-шаралармен тығыз байланысты продюсер Николас Броше мерекеден сторис жариялап, кештің ұйымдастырушысы өзі болғанын аңғартты. Шара Дубайдан шамамен жарты сағаттық жерде орналасқан бес жұлдызды Terra Solis Dubai қонақүйінде өтті. Бұл кешен шөлейт аймақтағы глэмпинг, бассейн, тірі музыка және жерорта теңізі стиліндегі мейрамхананы біріктіреді. Мұнда екі адамға арналған бір бөлменің бір күндік бағасы 100 мыңнан 270 мың теңгеге дейін жетеді.

Суреттер: instagram.com/imnurali

Туған күн кеші ашық аспан астында, пальмалар мен қымбат декорациялар арасында ұйымдастырылған. Қонақтар алдында этно-фольклорлық Turan ансамблі өнер көрсеткен. Сонымен қатар алаңға қазақтың киіз үйі тігілді. Бұл шығыстық сән-салтанат аясында ұлттық нақышты айқындаған символ ретінде қабылданды. Николас Броше Instagram парақшасында туған күн иесіне алғыс білдіріп, бұл күндерді «жарыққа, үйлесім мен мерекелік көңіл-күйге толы ерекше сәттер» деп атады.

Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның және марқұм Рахат Әлиевтің ұлы. Рахат Әлиев кезінде Қазақстандағы ықпалды тұлғалардың бірі болған, кейін шетелде қамауға алынып, Вена түрмесінде көз жұмған. Ресми дерек бойынша, өлім себебі – өз-өзіне қол жұмсау.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды