Атырау облысында жоғалған отбасының телефондары Шымкенттен тіркелді: іс «Адам өлтіру» бабына ауыстырылды

06.01.2026, 09:47
735
Атырау облысында жоғалған отбасының телефондары Шымкенттен тіркелді: іс «Адам өлтіру» бабына ауыстырылды әлеуметтік желіден

Жоғалған отбасы ісі ауыр баппен тергеліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында бір айдан астам уақыт бұрын хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты тергеу бағыты өзгертілді. Төрт адамнан тұратын отбасының ұялы телефон сигналдары соңғы рет Шымкент қаласында тіркелген. Бұл туралы AtyrauPress басылымы жазды.

25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, ағасының отбасымен бірге ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай кеткенін хабарлаған. Жоғалғандар — Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының тұрғындары. Олар қараша айында үйінен белгісіз бағытта шығып, содан бері оралмаған.

Із-түзсіз кеткендердің қатарында ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы бар. Полицияның алдын ала болжамы бойынша, отбасы елдің оңтүстік өңірлеріне бет алған болуы мүмкін.

Іздеу жұмыстары республикалық деңгейде жүргізіліп жатыр. Тергеуге басқа өңірлердің құқық қорғау органдары да тартылған. Медициналық мекемелер, оның ішінде жекеменшік клиникалар тексерілуде.

Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Құттыбай Садықовтың айтуынша, отбасы мүшелерінің ұялы телефондары Қазақстан аумағында бірнеше рет қосылып-өшірілген, соңғы тіркелген орны — Шымкент қаласы.

– Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, министрлік тарапынан тиісті мамандар бекітілді. Іздеу барлық бағытта жүріп жатыр, – деді ол.

Оның мәліметінше, екі немесе одан да көп адамның жоғалуына байланысты іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы — «Адам өлтіру» бойынша қайта сараланған.

– Бұл олардың қаза тапқанын білдірмейді. Істі ауыр бапқа ауыстыру — тергеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қабылданған процессуалдық шешім, – деп нақтылады полиция өкілі.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр