Шымкентте 4 жастағы баланың құрсағындағы ірі қатерлі ісік сәтті алынды

06.01.2026, 09:59
227
Шымкентте 4 жастағы баланың құрсағындағы ірі қатерлі ісік сәтті алынды @otyrarkz

Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында дәрігерлер 4 жастағы балаға күрделі хирургиялық ота жасап, құрсақ қуысындағы ірі қатерсіз ісікті сәтті алып тастады. Бұл туралы Otyrar басылымы жазды.

Кішкентай науқас қалалық балалар клиникалық ауруханасына іштің қатты ауыруы мен қайта-қайта құсу белгілерімен жеткізілген. Толық тексеру барысында дәрігерлер құрсақ қуысының лимфангиомасын анықтаған. Бұл — сирек кездесетін қатерсіз ісік, алайда көлемі ұлғайған жағдайда ішкі ағзалардың қызметіне елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

Ісіктің көлемі мен орналасуына байланысты дәрігерлер оны лапаротомия әдісімен толық алып тастау туралы шешім қабылдаған. Ота сәтті өткен.

Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Науқас ауруханадан үйіне шығарылған.

Мамандардың айтуынша, мұндай күрделі операциялар жоғары кәсіби дайындықты және заманауи медициналық жабдықтарды талап етеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді