Қазақстанда бояғыш қосылған денсаулыққа қауіпті шай өнімдері анықталды

06.01.2026, 10:32
261
Қазақстанда бояғыш қосылған денсаулыққа қауіпті шай өнімдері анықталды gov.kz / Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Бірнеше танымал бренд шай сатылымнан уақытша алынып тасталмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда бірқатар шай өнімдерінің құрамынан тыйым салынған тағамдық бояғыштар анықталып, олардың ел аумағында сатылуы мен әкелінуіне уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Тиісті қаулыға Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қол қойған. Комитеттің мәліметінше, жалған шай өнімдерінің ЕАЭО елдерінде сатылып жатқаны туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссиядан түскен.

Осыдан кейін Қазақстанда бақылау сатып алуы жүргізіліп, зертханалық талдау жасалған. Нәтижесінде қара шайдың кейбір үлгілерінен қолдануға рұқсат етілмеген тағамдық бояғыштар табылды. Атап айтқанда, «күн батар сарысы» (E110), тартразин (E102) және понсо 4R (E124) анықталған.

Сонымен қатар шай қаптамаларында өндіріс пен қаптау мекенжайларының жалған көрсетілгені белгілі болды. Бұл — өндірушілерде рұқсат құжаттарының болмауы мүмкін екенін көрсетеді.

«Аталған деректер санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық бағытында жүргізілген тексерулер барысында анықталды», — деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Осыған байланысты бірқатар шай өнімдерінің ел аумағында сатылымы мен импорты уақытша тоқтатылды.

Сатылымы шектелген шай түрлері:

«Апамның шәйі Premium gold», «Орда Кения», «Аль-Кайрат шәйі Premium gold» — өндіруші және қаптаушы: «Orda Trade Astana» ЖШС (Алматы облысы);

«Al-Hayat Golg» — өндіруші: «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);

«Балқия Premium gold» — қаптаушы: «Аль-Хадия» ЖК (Алматы);

«Sultan Suleyman», «Pakistan tea» — өндіруші: «Real Trade Astana» ЖШС (Астана);

«Aje Onim» — өндіруші: «Орда Чай» ЖК (Алматы), тапсырыс беруші: «Кальций» ЖШС;

«Al-Jannat Premium» — өндіруші: «Ferdaus» ЖК (Алматы);

«Alfarah» — қаптамада өндіруші көрсетілмеген.

Комитет аталған өнімдерге қатысты тергеу жалғасып жатқанын және заң талаптарын бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды