612

ҚазМұнайГаз зауыттары 2025 жылы өндіріс тарихындағы рекорд жасады

Елде дизель мен бензин көлемі артты.

ҚазМұнайГаз зауыттары 2025 жылы өндіріс тарихындағы рекорд жасады
t.me/@kmgpress

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «ҚазМұнайГазға» қарасты мұнай өңдеу зауыттары 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік көрсеткіштердің ең жоғары тарихи деңгейіне жетті. Жедел деректерге сәйкес, отандық зауыттар 13,6 млн тонна жеңіл мұнай өнімін өндірген.

Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,18 млн тоннаға, ал 2023 жылғы деңгейден 1,55 млн тоннаға артық.

2025 жылы өңделген шикізаттың жиынтық көлемі 17,46 млн тоннаны құрап, бір жылда 0,7 млн тоннаға өсті. Операциялық тиімділікті арттыру нәтижесінде барлық мұнай өңдеу зауыттарында жеңіл мұнай өнімдерінің шығымы 78%-ға жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 4 пайыздық тармаққа жоғары.

Жыл қорытындысында мұнай өңдеу тереңдігі 90% болды. Бұл – бір жылда 2,6%-ға артқан нәтиже.

Дизель мен бензин өндірісінде рекорд

2025 жылғы басты жетістіктердің бірі – дизель отыны өндірісінің рекордтық деңгейге жетуі. Оның көлемі 6,14 млн тоннадан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 850 мың тоннаға көп.

Бензин өндірісі де 400 мың тоннаға ұлғайды. Бұл ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз етіп, елде отын тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Зауыттар бойынша нақты көрсеткіштер

Атырау мұнай өңдеу зауыты
– Өңделген мұнай көлемі: 5,47 млн тонна
– Жеңіл мұнай өнімдерінің шығымы: 77%
– Автобензин: 1,8 млн тонна
– Дизель отыны: 1,9 млн тоннадан астам
– Өңдеу тереңдігі: 88%

Шымкент мұнай өңдеу зауыты
– Өңделген мұнай көлемі: 6,23 млн тонна
– Жеңіл мұнай өнімдерінің шығымы: 82%
– Бензин: 2,28 млн тоннадан астам
– Дизель отыны: 2,1 млн тоннадан астам
– Өңдеу тереңдігі: 88%

Павлодар мұнай-химия зауыты
– Өңделген мұнай көлемі: 5,76 млн тонна
– Жеңіл мұнай өнімдерінің шығымы: 74,3%
– Автобензин: 1,7 млн тоннаға жуық
– Дизель отыны: 2,1 млн тоннадан астам
– Өңдеу тереңдігі: 94%

ҚМГ мәліметінше, бұл нәтижелер ішкі нарықты тұрақты отынмен қамтамасыз етуге және саланың технологиялық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Материал авторы