332

Ақтау мен Алматыдағы арнайы ХҚКО-тарында нөмір үшін дүрбелең басталды

Халық сүйікті нөмірін алуға жаппай таласып жатыр.

Ақтау мен Алматыдағы арнайы ХҚКО-тарында нөмір үшін дүрбелең басталды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде Ақтау мен Алматыдағы арнайы ХҚКО-тарда кезек күрт көбейді. Көлік иелері жаппай мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алу үшін арнайы орталықтарға ағылды.

Дүрбелеңнің басты себебі — 2026 жылдан бастап күшіне енген жаңа ереже. Енді кез келген қазақстандық өз көлігіне қалаған әріп пен сан комбинациясын заңды түрде таңдай алады.

Ең көп адам жиналған өңір — Ақтау. Қалалық арнайы ХҚКО-да таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезек пайда болды. Алматыда да жағдай ұқсас: мегаполистегі арнайы ХҚКО-да күні бойы нөмір алуға келгендер толастамады.

Ішкі істер министрлігінің жаңа тәртібіне сәйкес, жеке таңдалатын мемлекеттік нөмірдің құны 43 мың теңге. Ал «айнадай» нөмірлер үшін 20 мың теңге қосымша төлем қарастырылған.

Сұранысы жоғары VIP санаттағы нөмірлердің бағасы бұрынғыдай бірнеше жүз мың теңгеге дейін жетеді. Бұл қатарға бірдей цифрлар мен әріптерден тұратын комбинациялар кіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің процессинг орталығының бастығы Қайрат Сейтқұловтың айтуынша, жаңа талаптардың мақсаты — халыққа қолайлы жағдай жасау.

«Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. Арнайы ХҚКО қызметкері көлік иесінің деректерін және таңдаған нөмірді тексереді. Егер нөмір бос болмаса, азаматқа басқа комбинацияны таңдауға тура келеді», — деді ол.

Материал авторы