SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында әлеуметтік сала еліміз үшін приоритетті бағыт болып қала беретінін және барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалатынын атап өтті.
Ол жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарау қажеттігіне ерекше тоқталды.
«Артық қаржыландыруды тоқтату керек. Егер осы салада адал бәсекелестік орнай алмаса, мұндай бизнестің қажеті бар ма? Алаяқтық кеңінен таралғаны бәрімізге белгілі», — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған саладағы мәселелерді шешуге нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әкімдіктермен бірге жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындауда алаяқтықты болдырмауға бағытталған кешенді шараларды пысықтауы тиіс.
RUS