Түркияда атақты сериалдың актері ұсталды

06.01.2026, 11:38
3637
Түркияда атақты сериалдың актері ұсталды сериалдан алынған кадр

Соңғы уақытта көрерменнің назарын жаулаған «Мүкжидек шербеті» сериалының актері қамауға алынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияда ірі есірткі ісі аясында шоу-бизнес, медиа және іскерлік орта өкілдері ұсталды. T24 хабарлағандай, операция барысында актер Догукан Гюнгөр («Мүкжидек шербеті» сериалындағы Фатих рөлін ойнайды), әнші Аля Шахинер, сондай-ақ Хадисе, Йылдыз Тильбе және Гюльшенмен жұмыс істеген менеджер Халук Шентүрік ұсталған.

Барлығы бұл іске 26 адам қатысып жатыр. Ыстамбұл прокуратурасының мәліметінше, 5 қаңтарда түнгі 01:00-де Ыстамбұл, Измир, Денизли және Мугле қалаларында бір мезгілде операция жүргізілген. Нәтижесінде 23 күдікті ұсталып, екеуі шетелде, біреуі басқа қылмыстық іс бойынша қамауда.

Күдіктілерге есірткі және психотроптық заттарды жеке пайдалану үшін сақтау, есірткі қолдануға ықпал ету, сондай-ақ проституцияға тарту мен делдалдық жасау сияқты қылмыстар тағылған.

Бұған дейін Ыстамбұлда медиa, өнер және бизнестің басқа өкілдері де ұсталынған. Кейбірі куәлік беріп, сынақтан өткен соң босатылған, бірақ кейбір эпизодтар бойынша, мысалы Habertürk TV жаңалықтар тобының бас директоры Мехмет Акиф Эрсой және тележүргізуші Элу Рюмейс Джебеджи қамауға алынған.

Прокуратура «қоғамдық мораль, әлеуметтік құрылым және отбасы құндылықтарына қауіп төндіретін» істер бойынша тергеу жұмыстары жалғасатынын айтты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды