Атырау облысындағы колледж студенттерінің жанжалы қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)

06.01.2026, 12:01
389
Атырау облысындағы колледж студенттерінің жанжалы қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Зардап шеккен студенттің анасының пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 желтоқсанда Индербордағы көпсалалы ауыл шаруашылығы колледжінде бірінші курс студенттері арасындағы жанжал қақтығысқа ұласты. Бұл туралы АқЖайық басылымы жазды.

Зардап шеккен студенттің анасы Кәмшат Рахметуллина оқиғаның қалай болғанын былай сипаттады:

«Маған колледж әкімшілігі хабарласып, келуімді сұрады. Келгенімде ұлымның мұрнынан қан ағып тұрды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсету орнына жазбаша түсініктеме жаздыртты. Қақтығыс конспект мәселесімен болды: ұлым бір оқушыдан жазбаларды сұрағанда, ол бас тартқан. Содан кейін екі студент оны дәретханада ұрып, мұрнын сындырды. Қан ұзақ уақыт тоқтамаған, бәлкім, мұрын пердесі зақымдалған. Жедел жәрдем күтпей, оқытушымен бірге ауруханаға жеткіздік, рентген жасалып, инфузия қойылды», — дейді анасы.

Ол сонымен қатар оқиға кезінде жанында оқытушы болмағанын, медбикелік көмек уақытылы көрсетілмегенін айтты. Қазіргі таңда студент аудандық аурухананың хирургия бөлімінде емделуде.

Колледж әкімшілігі оқиғаның өз нұсқасын берді. Ресми мәлімдемеде: 31 желтоқсанда сағат 9:15-те бірінші курс студенттері А. Н. мен М. С. (III топ мүгедегі) арасындағы сөздік жанжал кезінде өзара қорлау болғаны айтылады. Колледж дерегінше, М. С. бір рет қарсыласын соққан, нәтижесінде оның мұрнынан қан кеткен.

Әкімшілік мәлімдегендей, медбике алғашқы көмек көрсетіп, қан тоқтатылған. Екі студенттің ата-анасы шақыртылған, аудандық кәмелетке толмағандар ісі инспекторы ақпараттандырылған. Зардап шеккен студент жеке көлікпен емханаға жеткізілген. Медбике, психолог және өндірістік оқыту шебері студенттің қасында болған. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланады.

Осылайша, зардап шеккеннің анасы мен колледж әкімшілігінің мәліметтері бірқатар маңызды жайттар бойынша, атап айтқанда қақтығысқа қатысқан адамдар саны мен медициналық көмек көрсету тәртібі бойынша, әртүрлі.

Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, жасөспірімдер арасындағы қақтығыс бойынша «Аса ауыр емес денсаулыққа зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Барлық қатысушы жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілді. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар ІІД есептеріне қойылды, олардың іс- материалдары кәмелетке толмағандар істері комиссиясына жолданады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды