373

Астанада ем кезінде сәбидің аяғы күйіп қалған (ВИДЕО)

Анасы дәрігерлерді жазалауды талап етіп жатыр.

Астанада ем кезінде сәбидің аяғы күйіп қалған (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде 9 айлық нәрестенің Астананың №3 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатқан кезінде аяғы күйгені туралы ақпарат тарады.

Нәрестенің анасы баласын пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызғанын айтады. Баланы реанимациялық бөлімде емдеген. Әйелдің сөзінше, медициналық персоналдың салғырттығынан нәрестенің аяғы күйіп қалған.

Анасы медициналық қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын, баланың жағдайына қажетті бақылау жасалмағанын атап өтті. Ол ресми тексеру жүргізіліп, жауапты тұлғалар тәртіптік және басқа да жауапкершілікке тартылуын талап етуде.

Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі аталған дерек бойынша «қызметтік тексеріс жүріп жатқанын» хабарлады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор