Оңтүстік Корея президенті Си Цзиньпинмен селфи жасап, желіде талқыға түсті
Корей президент қытай смартфонымен суретке түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Ли Чжэ Мён Си Цзиньпинмен бірге сэлфи жасады – әрі ол қытайлық смартфонда түсірілген.
Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен бірге жасалған сэлфиді жариялады. Фотосурет Ли Чжэ Мённің Қытайға ресми сапары кезінде түсірілген.
Президент Ли Чжэ Мён бұл сэлфиді қытайлық брендтің смартфонында жасағанын атап өтті.
«Біз бір-бірімізге жақындай түскен сайын корей-қытай қарым-қатынастары жылынып келеді. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды жиі жүргізіп, ынтымақтастығымызды белсенді түрде дамытуға ниеттіміз», – деп жазды Оңтүстік Корея басшысы.
Материал авторы