SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Threads әлеуметтік желісінде белсенділік танытып, бір әзіл-жауабымен мыңдаған қолданушының назарын аударды.
5 қаңтар күні Threads қолданушысы Темірлан Павлодарда дәл қазір дәмді тамақты қайдан жеуге болатынын сұраған. Облыс әкімі бұл сауалға қысқа әрі нақты жауап берді: «Үйде».

Әкімнің осы бір ауыз жауабы бір күннің ішінде төрт мыңнан астам лайк жинады. Пікір қыза түскен соң, желі қолданушылары Байхановқа қосымша сұрақтар қоя бастады.
Соның бірі «Сіздің үйіңізде ме?» деп нақтылай сұрағанда, әкім әзілді жалғастырып:
«Менің үйімде де дәмді. Бірақ барлық келем деушілерді сыйдыратын дастарқан жоқ. Ондай дастарқан әлемде жоқ қой», — деп жауап қатты.
Желі қолданушылары мұнымен тоқтамай, әкімнің мекенжайын сұрағандар, тіпті онымен жеке танысқысы келетінін ашық жазғандар да болды.
RUS