346

«Әкең ит болып па еді?»: Итінің тегіне әкесінің атын жаздырған жігіт елді шулатты (ВИДЕО)

Жігіт итіне «Хан Махамбетов» деп ат қойған. Бұған жігіттің анасы ренжіп қалды.

«Әкең ит болып па еді?»: Итінің тегіне әкесінің атын жаздырған жігіт елді шулатты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде тараған отбасылық бейнежазба көпшіліктің назарын аударды. Видеода жас жігіт итінің тегіне әкесінің атын жаздырып, үй ішін күлкіге қалдырған сәт көрсетіледі.

Бейнежазбада әйел адам иттің құжатын қолына ұстап тұрып, ұлына ашуланады. Ол иттің аты-жөні «Хан Махамбетов» болып рәсімделгеніне наразылық білдіріп, «Әкеңнің атын неге жазасың? Өз атыңды жазбайсың ба? Әкең ит болып па еді?» деп ренішін білдіреді.

Ұлдар ананың ашуына күлкімен қарайды. Алайда анасы мұнымен тоқтамай, иттің аты-жөні үшін оны сатып жіберетінін айтып, ұрысуды жалғастырады.

Аталған видео желі қолданушылары арасында кеңінен тарап, түрлі пікір туғызды. Бірі жағдайды әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі «күйеуінің атын ойлап, құрметтеп отырған ана» деп әйелдің әрекетіне түсіністік танытты.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор