Атырауда жоғалған отбасы: Ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды
Жоғалған отбасының екі мүшесінің қазасы расталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облыстық полиция департаменті бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың қаза тапқанын ресми түрде растады. Құқық қорғау органдары олардың мәйіттері табылғанын мәлімдеді.
Полицияның хабарлауынша, отбасының тағы екі мүшесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша тергелуде. Күдіктінің жеке басы анықталғанымен, ол әзірге ұсталған жоқ.
Еске салайық, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының төрт тұрғыны — ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы қараша айында үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 25 желтоқсанда туыстары олардың ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтып, полицияға арызданған.
Отбасының қалған екі мүшесін іздеу жалғасып жатыр.
Материал авторы