Жангелдин ауылында қаза тапқан ерлі-зайыптылар жер қойнына тапсырылды
Марқұм ерлі–зайыптының жаназасы өтті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бұған дейін шаруашылық құрылыстан мәйіттері табылған ерлі-зайыптыларды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Марқұмдарды жерлеу таңертең ауыл зиратында ұйымдастырылды. Қаралы жиынға қаза тапқандардың туған-туыстары, көршілері мен ауыл тұрғындары жиналды. Жерлеу рәсімі ауыр күйде өтті, көпшілік көз жасын тыя алмады.
Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жерлеу рәсімін ұйымдастыру ісін марқұмдардың жақындары өздері атқарған. Билік тарапынан рәсімді өткізуге тікелей араласу болмаған.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы бұған дейін хабарланған. Қазіргі таңда қоғамда бұл жағдайға қатысты алаңдаушылық сақталып отыр.
Еске салайық, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының төрт тұрғыны — ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы қараша айында үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 25 желтоқсанда туыстары олардың ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтып, полицияға арызданған.
Отбасының қалған екі мүшесін іздеу жалғасып жатыр.
Материал авторы