Астанада жолаушы үйілген қоқысын автобусқа тастап кеткен (ВИДЕО)
Автобус салоны қоқысқа толып, қоғамның ашуын туғызды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласындағы қоғамдық көліктердің бірінің жүргізушісі рейстен кейінгі салонның жағдайын видеоға түсіріп, жолаушыларды тазалық сақтауға шақырды. Кадрлар әлеуметтік желіде таралып, қоғамның ашу-ызасын тудырды.
Видеода автобус ішінің әр жеріне тасталған тұрмыстық, оның ішінде үй қоқысы анық көрінеді. Қоқысқа толған салон көпшіліктің наразылығын күшейтті.
Желі қолданушылары бұл әрекетті мәдениетсіздік деп бағалап, жауапкершілікке тартуды талап етті.
«Камералар не үшін тұр? Тауып, жазалау керек», «Камера арқылы анықтап, айыппұл салу қажет», деп жазды пікір қалдырушылар.
Кейбір қолданушылар мұндай жағдайдың жиі кездесетінін айтып, ұқсас оқиғаларды еске алды.
Автобус жүргізушісі жолаушыларды қоғамдық көлікте тазалық сақтауға және еңбек адамын құрметтеуге үндеді. Бұл үндеуді көпшілік қолдап, қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қараудың маңызын атап өтті.
Материал авторы