Электрондық цифрлық қолтаңбаны енді ұялы телефон арқылы алуға болады

18.04.2023, 14:18
611
Электрондық цифрлық қолтаңбаны енді ұялы телефон арқылы алуға болады smartnews.kz

Халықтың ең көп сұранысына ие электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) енді телефон қосымшасы арқылы алуға болады, - деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Енді ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін компьютері жоқ қазақстандықтарға ЭЦҚ алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келді. Халықтың өтінішіне құлақ асып, Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу мүмкіндігін енгізді. Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз. Ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.«Жыл басынан бері 4 миллионнан астам азамат қызмет алу үшін ХҚО-ға жүгінді. Олардың шамамен 30%-ы ерекше сұранысқа ие ЭЦҚ алу қызметіне тапсырыс берген. Сондықтан біз ХҚО-ға баруды қажет етпейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ыңғайлы амалын ойластыруды мақсат еттік. Қазіргі таңда «Мобильді ХҚО» арқылы 38 қызмет алуға болады. Тізімді әлі де толықтырамыз», - дейді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Сондай-ақ, аталған қосымшада жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.

Ақылы қызметтерге тапсырыс беру кезінде төлем шоты екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларына келеді. Клиент бейнеқоңырау арқылы қызмет алу барысында баж салығын бірден төлей алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚО-ға баруды алдын-ала брондауға, электронды кезек талонын алуға, сізге жақын орналасқан ХҚО мекенжайын және өзекті мәселелерді көруге болады. Біз қосымшадағы қолжетімді қызметтер тізімін кеңейту ХҚО-ға келушілер ағынын азайтуға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін 68 мыңға жуық қолданушы ұялы телефондарына «Мобильді ХҚО» орнатқан. Қосымшаны Google Play және App Store онлайн-дүкендерден жүктеп алуға болады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады