752

Рэкетир жұлдызы Мұрат Бисембин қайтыс болды

Ұзақ уақыт ауыр дертпен күрескен актер өмірден өтті.

Рэкетир жұлдызы Мұрат Бисембин қайтыс болды
instagram.com/jemappelledali

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Мұрат Бисембин 54 жасында өмірден өтті. Ол көпшілікке «Рэкетир» фильміндегі рөлі арқылы кеңінен танымал болған. Қайғылы хабарды актердің қызы Instagram парақшасында жариялады.

Бұған дейін Мұрат Бисембиннің бір жылдан астам уақыт бойы онкологиялық дертпен күрескені белгілі болған. Сондай-ақ жуырда инсульт алғаны айтылған еді. Актердің денсаулығының күрт нашарлағаны туралы оның жақындары мен әріптестері бірнеше рет мәлімдеген.

Материал авторы