Жангелдиндегі жоғалған отбасы: Қылмысқа қатысы бар күдіктіге іздеу жарияланды
29 жастағы Махамбет ауданының тұрғынына іздеу салынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында Жангелдин ауылының тұрғындарын өлтірді деген күдікпен 29 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны іздеуде жарияланды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Айта кету керек, отбасының хабар ошарсыз кеткен мүшелерінің бірі марқұмдардың күйеу баласы - Сарсемалиев Сұлтан. Ол Махамбет ауданының тұрғыны, 1996 жылы туған. Бұған дейін желіде өзін хакермін деп таныстырған жігіт отбасының жоғалуына күдіктілердің бірі ретінде Сарсемалиев Сұлтанды атаған еді.

Қазіргі уақытта басқа тұлғалардың да бұл қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.
Еске салайық, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының төрт тұрғыны — ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы қараша айында үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 25 желтоқсанда туыстары олардың ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағанын айтып, полицияға арызданған. Ал 6 қаңтар күні жоғалған ерлі-зайыпты өз үйінің аумағында өлі күйінде табылды.
Материал авторы