Қостанай облысында әйелді моншаға қамап кеткендер сотталды

08.01.2026, 17:18
5562
Қостанай облысында әйелді моншаға қамап кеткендер сотталды skladremonta.ru

Әйелді ұрып-соғып, моншаға қамаған тонаушыларға үкім шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында әйелге күш қолданып, кейін оны моншаға қамап қойған екі адамға сот үкімі жарияланды. Бұл туралы облыстық соттың ресми хабарламасында айтылды.

Іс Меңдіқара аудандық сотында қаралды. Айыпталушыларға алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, тұрғын үйге заңсыз кіріп, тонау жасағаны үшін (ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы) айып тағылған.

Сотта анықталғандай, оқиға 2025 жылғы 3 желтоқсанда кешкі уақытта болған. Күдіктілер алдын ала келісіп, жәбірленушінің үйіне заңсыз кірген. Айыпталушылардың бірі әйелге өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, дене жарақатын салған. Осыдан кейін оны үй ауласындағы моншаға қамап қойған.

Осы сәтте екінші айыпталушы жәбірленушінің үйінен 219 мың теңге көлеміндегі ақшаны және зергерлік бұйымдарды ашық түрде алып кеткен.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан әйелге дене жарақаты келтіріліп, жалпы сомасы 949 мың теңгені құрайтын материалдық шығын келтірілген.

Мемлекеттік айыптаушы соттан әр айыпталушыға 5 жыл мерзімге шартты жаза тағайындауды сұраған. Жәбірленушіге келтірілген шығын толық өтелгендіктен, ол да бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды өтінген.

Айыпталушылар кінәларын толық мойындап, істеген әрекеттеріне өкініш білдірген. Сот олардың кінәні мойындауын, шынайы өкінуін, келтірілген шығынды өтеуін және жәбірленушінің пікірін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Нәтижесінде сот әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес жазаны шартты деп есептеп, пробациялық бақылау белгіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды