Абай облысында жетім бала дерекқордағы қателік салдарынан баспанасыз қалды

09.01.2026, 13:38
241
Абай облысында жетім бала дерекқордағы қателік салдарынан баспанасыз қалды Michal Collection / Canva

2016 жылғы дерек «жоғалып кеткен».

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында дерекқордағы техникалық әрі ұйымдастырушылық олқылықтың кесірінен жетім бала тұрғын үй алу кезегінен заңсыз шығып қалған. Бұл туралы Абай соттары хабарлады.

Сот мәліметінше, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы кәмелетке толмаған тәрбиеленуші К.-ның мүддесін қорғап, жоғалған деректерді қалпына келтіру және оны тұрғын үй кезегіне қайта қою туралы талап-арызбен жүгінген.

Анықталғандай, К. жетім бала ретінде тұрғын үйге мұқтаждар тізімінде тұрған, алайда Абай облысындағы әкімшілік-аумақтық өзгерістер кезінде жаңадан құрылған аудан бойынша кезек тізімдері жасалған сәтте оның деректері дерекқордан жоғалып кеткен.

Сот отырысында Жаңасемей ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен Семей қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері өз міндеттеріне салғырт қарап, нәтижесінде жетім баланың заңды құқықтары бұзылғаны анықталды.

Арнайы ауданаралық әкімшілік сот лауазымды тұлғалардың әрекетін заңсыз деп танып, «Отбасы банкке» 2016 жылдан бастап К.-ның тұрғын үй кезегінде тұрғаны туралы деректерді orken.otbasybank.kz ақпараттық жүйесінде толық қалпына келтіруді міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген. Нәтижесінде банк бір ай ішінде баланы «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне қайта қосты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды