1146

Ванганың 2026 жылға қатысты болжамдары жария болды

2026 жылы адамзатты үшінші дүниежүзілік соғыс пен өзгеғаламшарлықтар күтіп тұр дейді болжамдарда.

Ванганың 2026 жылға қатысты болжамдары жария болды
Красимир Стоянова

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Болгариялық көріпкел Вангаға телінетін болжамдарға сәйкес, 2026 жыл адамзат үшін аса қауіпті кезең болуы мүмкін. Британдық The Mirror басылымының жазуынша, Ванга 2026 жылы үшінші дүниежүзілік соғыс басталып, адамзат алғаш рет өзгеғаламшарлық өркениетпен бетпе-бет келеді деп болжаған.

Басылым дерегіне сәйкес, 1996 жылы 85 жасында дүниеден өткен соқыр мистик Вангелия Пандева Гуштерова 2026 жылдың қараша айында Жер атмосферасына алып ғарыш кемесі кіретінін айтқан. Алайда өзгеғаламшарлықтардың келу мақсаты жөнінде нақты мәлімет қалдырмағаны көрсетіледі.

Бұл болжам соңғы жылдары тіркеліп жатқан белгісіз аномальды құбылыстар туралы хабарлар мен Күн жүйесінде анықталған 3I/ATLAS нысанына байланысты пікірталастар аясында қайта талқылана бастады. Ғалымдар бұл объектінің жұлдызаралық комета немесе белгісіз табиғаты бар дене болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Вангаға телінетін ең алаңдатарлық болжамдардың бірі — үшінші дүниежүзілік соғыстың дәл 2026 жылы басталуы. Бұл пайым қазіргі әлемдегі геосаяси шиеленістің күшеюі, соның ішінде АҚШ пен Ресей арасындағы текетірес, Венесуэла төңірегіндегі жағдай аясында ерекше назар аудартып отыр.

Сонымен қатар көріпкелге қатысты деректерде әлемнің ақыры 5079 жылы ғана болады деп көрсетіледі. Яғни, ғаламдық соғыс адамзат өркениетінің толық жойылуына алып келмейді деген тұжырым айтылады.

Ванга адамзаттың «шектен шыққанын» біртіндеп түсінетінін де ескерткен делінеді. Оның ізбасарлары бұл сөздерді технологиялық дамудың шамадан тыс үдеуі мен моральдық шекаралардың бұзылуымен байланыстырады. Бұл үрдіс ғылыми серпілістермен қатар, халықаралық қақтығыстардың ушығуы кезінде айқын сезіледі деп есептеледі.

1911 жылы дүниеге келген Ванга «Балқанның Нострадамусы» атанған. Оған 2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактілерді, COVID-19 пандемиясын және ханшайым Диананың қазасын алдын ала болжады деген пікірлер телінеді. Сондай-ақ 2046 жылға қарай жасанды ағзалар жаппай өндірілетіні және қатерлі ісікті ерте анықтауда үлкен серпіліс болатыны туралы болжамдар да аталады.

БАҚ-та жарияланған Вангаға телінетін «адамзаттың соңы» хронологиясы мынадай:

2028 жыл — Венераны энергия көзі ретінде игеру басталады;
2033 жыл — мұздықтар еріп, дүниежүзілік мұхит деңгейі күрт көтеріледі;
2076 жыл — коммунизмнің жаһандық деңгейде таралуы;
2170 жыл — ғаламдық құрғақшылық;
3005 жыл — Жер мен Марс өркениеті арасындағы соғыс;
3797 жыл — Жер тіршілікке жарамсыз болып, адамзат оны тастап кетеді;
5079 жыл — әлемнің соңы.

Алайда The Mirror басылымы Вангаға телінетін барлық болжамдар орындала бермегенін де атап өтеді. Мәселен, Барак Обаманы АҚШ-тың соңғы президенті болады деген болжамы және үшінші дүниежүзілік соғыс 2010 жылы басталады деген пайымы шындыққа жанаспады.

Сарапшылар мұндай мәлімдемелердің ғылыми негізі жоқ екенін, олар мистикалық көзқарастарға жататынын ескертеді. Соған қарамастан, Вангаға қатысты болжамдар қоғам назарын үнемі өзіне аударып келеді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор