Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2023» байқауы басталды

18.04.2023, 15:53
520
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2023» байқауы басталды smartnews.kz

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым («Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін») бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздің барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырады.

«Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына, сондай-ақ ҚР ЕХӘҚМ Еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасына 8 (7172) 74-35-11телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды