Washington Post Маңғыстаудың «ай пейзажын» әлемге танытты
Маңғыстау өңірі халықаралық туризм картасына ене бастады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың беделді Washington Post басылымында Маңғыстау облысының табиғи көрікті жерлеріне арналған көлемді мақала жарық көрді. Материалда өңірдің бірегей ландшафты мен геологиялық ерекшеліктері кеңінен сипатталған. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Мақала авторы, журналист Дженнифер Мюллер Маңғыстаудағы каньондар мен жартас түзілімдерін Ай бетіне ұқсатып, оларды АҚШ-тағы әйгілі Монумент-Вэлли ұлттық паркімен салыстырған. Автор аймақ табиғатының даралығына жоғары баға береді.
«Біз аралаған алқап ежелде Тетис мұхитының түбінде жатқан. Кейін жер қабаттары қозғалып, Пангея ыдырады да, су кейін шегінді. Мыңдаған жыл бойы табиғат алып геологиялық пішіндерді қалыптастырды. Жазықтың ортасынан семсердей өткір жартастар, кең платолар мен иілген күмбездер бой көтеріп тұр. Бұл өңірдің ұзақ уақыт бойы құрғақ әрі қаңырап бос жатуы миллиондаған жылдық тарихтың ізін бүгінге дейін айқын сақтап қалған», – деп жазады журналист.
Мақалада Маңғыстаудың ең танымал нысандары — Бозжыра шатқалы, Жығылған мүйісі, Қызылқұп алқабы және Торыштағы шарлар алқабы егжей-тегжейлі сипатталған.
Дженнифер Мюллердің айтуынша, ұзақ уақыт бойы Маңғыстау халықаралық туристердің назарынан тыс қалып келген. Алайда қазір өңірге қызығушылық артып отыр. Сапар барысында журналист Ресей, Қытай және Италиядан келген туристерді кездестіргенін атап өтеді. Ал америкалық саяхатшылар бұл бағытты енді ғана тани бастаған.
Материал авторы