SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актер Мұрат Бисембиннің әкесі ұлының соңғы күндері туралы айтып, көпшіліктің жанашырлығын тудырды. 54 жасында өмірден өткен актердің қазасы ел ішінде кең резонансқа ұласты.
Марқұмның әкесінің айтуынша, Мұрат соңғы үш күнде ем қабылдаған. Денсаулығы күрт нашарлап, өздігінен жүріп-тұруы қиындаған, тамақ іше алмаған.
«8-і күні маған қоңырау шалып, «Мұраттан айырылдық» деді. Не айтарымды білмедім. Бұл өте ауыр. Ата-ана тірі кезде баласын жерлеу – көтере алмайтын қасірет. Ол мені жерлеуі керек еді, ал енді мен оны жерлеп жатырмын…», – деді көз жасын тыя алмаған әкесі.
Мұрат Бисембин онкологиялық дертпен күрескен. Соңғы кезеңде оның жағдайы күрт нашарлап, шұғыл иммунотерапия қажет болған. Дәрігерлер мен жақындарының барлық күш-жігеріне қарамастан, актердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Мұрат Бисембин 1972 жылғы 11 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алдымен ауыл шаруашылығы саласы бойынша инженер-механик мамандығын игергенімен, кейін өнер жолын таңдады. Ол түрлі фильмдер мен жобаларда есте қаларлық рөлдер сомдап, әріптестері мен көрермендерінің құрметіне ие болды.
Марқұм актердің артында жары мен үш баласы қалды.
RUS