Танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды
2,4 млн жазылушысы бар блогерге 7 жылға дейін жаза қаупі төніп тұр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Қайсар Қамзаға Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан ресми түрде іздеу жарияланды.
Іздестіру ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда тіркелген. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, блогер жабық Telegram-арна арқылы онлайн-казиноларды белсенді түрде жарнамалап, төлемді криптовалюта түрінде алған. Бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Заң бойынша, аталған құқықбұзушылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін, өткен жылы Қайсар Қамза заңсыз онлайн-ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылып, 1,1 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеген.
Айта кетейік, блогердің Instagram әлеуметтік желісінде 2,4 миллионнан астам жазылушысы бар. Іздестіру туралы ақпарат тарағаннан кейін ол әлеуметтік желіде дастарқан басында тамақ пен алкоголь қойылған фото жариялаған.
Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы