БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 100 млн теңге парамен ұсталды (ВИДЕО)
Сот санкциясымен басқарма басшысы мен елордалық тұрғын қамауға алынды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңсыз тауар импорты жолын ашуға қатысты бірқатар фактілерді әшкереледі.
Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы мен елордалық тұрғын ұсталып, қамауға алынды.
Тергеу деректері бойынша, аталмыш тұлғалар шетелдік азаматтарға тауарларды кедергісіз елге енгізуге көмек көрсетіп, 100 миллион теңгеден астам пара алғаны рәсімделген.
Алдын ала есептеулерге сәйкес, мемлекетке келтірілген залал 1,9 миллиард теңгені құрайды.
Құқық қорғау органдары Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты жариялаудан бас тартты.
Материал авторы