309

Қазақстан теннис бойынша әлемдік топ-3 елге енді

Елена Рыбакина мен Александр Бублик үздіктер қатарында тұр.

Қазақстан теннис бойынша әлемдік топ-3 елге енді
REUTERS/Sandra Sanders

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан теннисшілері ерлер мен әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына еніп, дүниежүзіндегі үздік үш елдің қатарында тұр. Мұндай көрсеткішке тек АҚШ пен Италия ғана қол жеткізген.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде тұрақты түрде топ-10 қатарында және 2026 жылдың басында 5-ші орынға көтерілді. Ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Гонконгте өткен ATP турнирінде жеңіске жетіп, мансабындағы тоғызыншы титулын жеңіп алды. Осылайша ол ATP әлемдік рейтингінде 10-шы орынға көтеріліп, Қазақстан ерлер теннисінде тарихта алғаш рет топ-10 рейтингке енді.

Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг Кубогының рейтингінде әлемнің ең үздік 10 командасының қатарына кірді. Жетекші спортшылардың тұрақты жеңістері, құрамалардың үздік өнер көрсетуі және теннис инфрақұрылымының дамуы Қазақстанның халықаралық ареналардағы позициясын нығайтуда.

Материал авторы