Рудныйда жасөспірімдер арасындағы футзал ойыны жаппай төбелеспен аяқталды

12.01.2026, 14:52
196
Рудныйда жасөспірімдер арасындағы футзал ойыны жаппай төбелеспен аяқталды бейнежазбадан

Чемпионаттағы ойын тәртіпсіздікке айналды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Рудный қаласында өткен футзалдан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында ойын соңы жаппай жанжалға ұласты. Финалдық ысқырықтан кейін алаңда екі команда ойыншылары арасында төбелес шықты.

Оқиға Орал қаласының «Бәйтерек» командасы мен Жаңаөзеннің «БЖСМ-2» ұжымы арасындағы матчта тіркелді. Кездесу оралдықтардың жеңісімен аяқталғанымен, ойын аяқталысымен спорттық бәсеке ереже шеңберінен шығып кетті.

Матч аяқталған сәттен кейін жеңіліске ұшыраған команда ойыншылары қарсыластарына шабуыл жасап, эмоцияға ерік берген. Бірнеше секундтың ішінде жанжалға өзге ойыншылар да араласып, алаңда жаппай төбелес басталды. Оқиға куәгерлердің бейнежазбасына түсіп, әлеуметтік желілердегі спорттық парақшаларда жылдам тарады.

Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасы жағдайды растады.

«Футзалдан Қазақстан чемпионаты аясында өткен матчта біздің «Бәйтерек» командасы жеңіске жетті. Алайда ойын аяқталғаннан кейін қарсы тарап эмоцияға беріліп, төбелес бастады. Бұл әрекетке ешқандай себеп болған жоқ», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Қорытындысына қарай қатысушыларға қатысты тәртіптік шаралар қабылданатыны хабарланды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды