803

Өтешов допинг дауын артқа тастап, жаңа лауазымға тағайындалды

Бақтияр Артаев Алмас Өтешовті ауыр атлет саласындағы қызметке орналастырды.

Өтешов допинг дауын артқа тастап, жаңа лауазымға тағайындалды
instagram.com/almas_uteshov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі зілтемірші Алмас Өтешов Қызылорда облысының ересектер арасындағы ауыр атлетика командасының аға бапкері болып тағайындалды. Бұл шешім облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың ресми бұйрығымен қабылданды.

Алмас Өтешов – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Алайда 2016 жылы ол допинг дауына іліне отырып, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімімен төрт жылға спорттан шеттетілген еді.

2024 жылы спортшы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында өміріндегі қиын кезеңдер туралы ашық айтып, ішімдікке әуестігі отбасылық өмірінің бұзылуына себеп болғанын мойындаған болатын. Сол кезде оған Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер қызметі ұсынылған.

Уақыт өте келе Өтешов зиянды әдеттерден бас тартып, өмірін қайта жолға қойғанын жариялады. Сонымен қатар, ол шығармашылық салада да бағын сынап, «Байгайстан» атты отандық фильмге түсіп, актер ретінде алғашқы қадамын жасады.

Экс-мпортшы жеке өміріндегі оң өзгерістерін де атап өтіп, жаңа автокөлік сатып алғанын көпшілікке хабарлады.

Материал авторы