26 қазан күні «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді

22.10.2024, 09:36
1126
26 қазан күні «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Елордамызда сегізінші рет «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өткелі жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қазанда Астанада қазақ күресінен XIII республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі өтеді.

Бұл турнирде облыстық жарыстардың қорытындысы бойынша іріктелген еліміздің ең мықты балуандары бақ сынайтын болады. Олар: еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қала — Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары. Сондай-ақ турнирге өткен жылғы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы мен «Әскер Барысы» екі балуаны қатысады. Турнирдің нәтижесі бойынша ең мықты балуан анықталып, ол 15 миллион теңге көліміндегі бас жүлдені алады.

25 қазанда сағат 16:00-де «Барыс Арена» аумағында балуандардың салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Аталған турнирде Қазақстанның барлық өңірінен келген 43 балуан «Қазақстан Барысы – 2024» алтын белдігі үшін күреседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.

Жүлделер былай бөлінеді: 1-орын үшін — 15 000 000 теңге, 2-орын үшін — 3 300 000 теңге, 3-орын үшін — 1 080 000 теңге. Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін балуан 100 000 теңге алады.

Марапаттау рәсімінен кейін турнир жеңімпазымен баспасөз конференциясы өтеді.

Барша спорт сүйер қауым үшін кіру – ТЕГІН болады. Сонымен қатар көрермендер үшін ұлттық стильде безендірілген ойын-сауық аймағы ұйымдастырылады, онда асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ және басқа да ұлттық ойындарын ойнауға болады.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады