388

«Мемлекетке бәрібір»: бұрынғы бас бапкердің қызы әділетсіздік туралы айтты

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің жұмыстан өз еркімен кетпегенін айтты.

«Мемлекетке бәрібір»: бұрынғы бас бапкердің қызы әділетсіздік туралы айтты
boxingkazakhstan

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановтың қызы Еңлік Сәтжан әкесінің қызметтен кетуіне қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Сәтжанов бұл шешімді өз еркімен қабылдамаған. Бұл туралы Sportbugin.kz басылымы жазды.

Еңлік Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында отбасыларының әділетсіз жағдайға тап болғанын жазды. Ол резонанс тудыру үшін ашық үндеу жасағысы келетінін, алайда әкесі бұған қарсы екенін атап өтті.

«Сен бар өміріңді сүйікті жұмысыңа арнайсың, адал әрі тынымсыз еңбек етіп, нәтиже әкелесің. Алайда, біздің мемлекетке бәрібір. Олар сені орныңнан алып тастай салады. Себебі, бұл —  олардың қалауы.

Содан соң бәрінің шетелге кетіп жатқанына таң қалады. Өйткені, Жаңа Қазақстан ешқашан болмайды», — деп жазды ол.

Еске салайық, Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасынан кейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне екінші рет тағайындалған еді. Алайда 2026 жылдың 10 қаңтарында ол бұл қызметтен босатылды. Оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды.

Материал авторы